Қош келдіңіздер Bright Халықаралық Мектебіне!
Бұл — әрбір оқушы өз әлеуетін толық ашатын, білімді қызығушылықпен меңгеріп, сенімді тұлға ретінде қалыптасатын зияткерлік кеңістік. Біз білім алуды жеңіл әрі нәтижелі үдеріске айналдырып, дарынды дер кезінде танып, жетістікке қуаныш арқылы жетелейтін орта қалыптастырамыз.
about bright
Біздің миссиямыз
Ағылшын тілін еркін меңгерген, өзіне сенімді, тәуелсіз әрі креативті жаңа буын қалыптастыру.
Біз тілдік ортаға терең ену, академиялық инновациялар, мәдени әртүрлілік және сыни ойлауды дамыту арқылы шабыттандыратын білім беру кеңістігін құрамыз. Әрбір оқушының үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп, жеке қабілеттерін қолдап, алынған білімді әлемді оң бағытта өзгертуге қолдануға үйретеміз.
Bright Халықаралық мектебі — Cambridge халықаралық академиялық бағдарламасына негізделген, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сапалы білім беру ортасы. Әрбір бала жан-жақты дамып, өз қабілеттерін айқындап, жеке білім траекториясын қалыптастырып, жаһандық әлемде табысқа жетуге қажетті білім мен дағдыларды меңгереді.
Slide 1
Slide 2
Slide 2
Slide 8
Slide 3
Slide 7
Slide 7
Slide 6
Slide 4
Slide 1
Slide 5
Slide 5
Slide 2
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Жауапкершілік
Әр баланың қабылдаған шешімдері мен әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Үйлесімді даму
Баланың интеллектуалды, эмоционалды және физикалық дамуына баса назар аудару.
Академиялық орта
Академиялық жетістікке жету арқылы жаңа көкжиектерді ашу
Даралық
Біз әрқайсысының бірегейлігін мойындаймыз, ұмтылыстарды қолдаймыз және жеке қасиеттердің дамуына ықпал етеміз.
Достық және
қолайлы орта
Әркім өзін жайлы және сенімді сезінетін атмосфераны құру, бұл оқуға деген құштарлықты арттырады.
6
5
4
3
2
1
Ағылшын
тілінде білім беру
Ағылшын тіліне терең ену қамтамасыз етіледі. Аптасына 5 рет шетелдік педагогпен сабақ өткізіледі. Негізгі пәндердің 50%-ы ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл оқушыларды шетелде білім алуға және өмір сүруге жүйелі түрде дайындайды.
Кешенді даму
Тұлғаның үйлесімді дамуы төрт бағытта жүзеге асады:
  • Физикалық — денсаулық пен белсенді өмір салтын қалыптастыру. Когнитивтік — ойлау, логика және ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары. Эмоционалдық — эмоцияларды басқару және эмпатияны дамыту. Этикалық және дүниетанымдық — құндылықтар жүйесін қалыптастыру, өмірлік мағынаны түсіну және ішкі үйлесімділік.
Шетелдік педагогтар
Ағылшын тілі мен негізгі пәндерді 5–15 жылдық тәжірибесі бар, жетекші әлемдік университеттерде білім алған білікті шетелдік мамандар жүргізеді.
Іріктеу үдерісі психологиялық және медициналық тексеруден, сондай-ақ білім мен тәжірибені ұсыным хаттар мен пікірлер арқылы жан-жақты верификациялаудан тұрады.
Жеке даму картасы (ЖДК)
Әрбір оқушы түрлі бағытта өзін сынап көру мүмкіндігіне ие. Осы негізде оқушының мықты тұстары айқындалып, жеке даму картасы әзірленеді.
ЖДК аясында:
• күшті және даму қажет ететін қырлары;
• ұсынылатын үйірмелер тізімі;
• жеке даму жоспары көрсетіледі.
Cambridge академиялыҚ баҒдарлама
Оқушыларды халықаралық академиялық ортада табысты білім алуға, кәсіби мансап пен өмірге дайындайды.
Бағдарлама:
• жетекші жоғары оқу орындарына түсу артықшылықтарын;
• жеке білім траекториясын;
• сыни ойлау мен креативтілікті дамытуды;
• дербестік пен сенімділікті қалыптастыруды;
• заманауи цифрлық технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді.
20-дан астам Үйірме
Шығармашылық:
Хореография, хор, домбыра, актерлік шеберлік, қыш өнері.
Спорттық:
Футбол, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат.
Техникалық:
Бағдарламалау, 3D модельдеу, робототехника.
Гуманитарлық:
Корей тілі, қытай тілі, қаржылық сауаттылық.
Неліктен bright?
2026-2027 оҚу жылына тіркелу
CONTACT US
Мекен-жай
Байланыс
г.Астана
ул. Талгата Бигельдинова 6
+7 708 002 22 20
info@bright.edu.kz
Made on
Tilda